Алматы ауданының прокуратурасы сталкинг туралы профилактикалық бейнеролик дайындады

Алматы ауданының прокуратурасы сталкинг туралы профилактикалық бейнеролик дайындады
фото: видеоскрин

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласының Алматы ауданының прокуратурасы сталкингтің алдын алуға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық бейнеролик дайындады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бейнероликте адамның еркіне қарсы онымен байланыс орнатуға бағытталған табанды әрекеттер жасау, тұрғылықты немесе жұмыс орнына жүйелі түрде бару, аңду немесе өзге де осыған ұқсас әрекеттердің заңға қайшы екені және мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық көзделгені түсіндіріледі.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 115-1 «Сталкинг» бабымен толықтырылды, онда жоғарыда көрсетілген әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Аталған баптың санкциясында 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза көзделген.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды өзге адамдардың құқықтары мен жеке басына қол сұғылмаушылықты құрметтеуге шақырады, сондай-ақ заң талаптарын сақтау қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың негізі екенін еске салады.