Алматы ауданының прокуратурасы рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізді

Алматы ауданының прокуратурасы рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Алматы ауданының прокуратурасы Алматы ауданының Полиция басқармасымен бірлесіп, меншікке қарсы қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шаралар барысында азаматтарға осы санаттағы қылмыстардың жасалу себептері мен жағдайлары түсіндіріліп, ұрлық фактілерінің жиілегені туралы ақпарат жеткізілді және жеке мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді.

Рейд қорытындысы бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қылмыстардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары күшейтілді.