Елорданың Алматы ауданында Абылай хан даңғылы, 55-мекенжайда орналасқан тұрғын үйдің қасбетін жаңа мурал безендірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Муралды салу жұмысы толық аяқталды. Онда алма бағында тұрған қыз бейнеленген. Қанық түстер мен жұмсақ сызықтар үй айналасындағы жасыл желекпен үйлесіп, жайлы көрініс қалыптастырған.

Жарқын арт-кеңістік қалалық ортаның жаңа элементіне айналып, көшенің қалыптасқан келбетін өзгертіп, ауданға заманауи визуалды реңк қосты.