Қарттар арасында қол күресінен спорттық сайыс өтті

Қарттар арасында қол күресінен спорттық сайыс өтті
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада қарттар күніне орай белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қарттар арасында қол күресінен спорттық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Спорттық сайыстың мақсаты – аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын қалыптастыруына қолдау көрсету, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болатын. Бүгінгі таңда Алматы ауданына қарасты белсенді ұзақ өмір сүру орталығында  бес мың алты жүз қарт тізімде бар. 

-    Қарттар күніне орай қол күресінен жарыс өткіздік. Жарысқа қатысушылардың ықыласы зор болды. Алдымен командалық жарыс өтті. Одан кейін жеке сайыс ұйымдастырылды. Жеңімпаздар арнайы мараттарға ие болды, -деді Алматы ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының нұсқаушысы Бекеш Қуанышбай.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің күш-қуаты мен спорттық шеберлігін көрсетіп, достық сипаттағы сайыста бақ сынады. Шараға барлығы 17 адам – 8 ер адам және 9 әйел адам қатысты.
Қатысушылар үшін бұл жарыс тек спорттық бәсеке ғана емес, өзара қарым-қатынасты нығайтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мазмұнды шара болды.