Алматы ауданында «Көлік сағаты» ашық қоғамдық тыңдауы өтеді

Алматы ауданында «Көлік сағаты» ашық қоғамдық тыңдауы өтеді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Алматы ауданында ауданның көлік және жол инфрақұрылымы мәселелеріне арналған «Көлік сағаты» ашық қоғамдық тыңдауы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қоғамдық тыңдау 12 тамызда сағат 17:00-де  Тәуелсіздік даңғылы, 7, Алматы ауданы әкімдігі ғимаратының 2-қабатында ұйымдастырылады. 

Кездесу аясында келесі өзекті мәселелер қарастырылады:
қоғамдық көліктің жұмысы;
 жолдардың жағдайы;
көшелердегі кептелістер мен көлік жүктемесі;
автотұрақ кеңістіктері;
жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі;
жолдар мен аялдамаларды жарықтандыру;
автобус маршруттары;
бағдаршам нысандарының, жол белгілері мен жол таңбаларының жұмысы;
тұрғындардың өтініштері, шағымдары мен ұсыныстары.

Тыңдауға келесі мекемелердің өкілдері қатысады:
Алматы ауданы әкімінің аппараты;
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы;
«City Transportation Systems» ЖШС;
№1 автобус паркі;
Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы;
Әкімшілік полиция басқармасы;
«СМЭУ Астана» ЖШС.

«Көлік сағаты» – бұл тұрғындар мен жауапты мекемелер арасындағы көлік, жол қауіпсіздігі және қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша ашық диалог алаңы.

Барлық аудан тұрғындарын белсенді қатысуға, өзекті мәселелерді көтеріп, ауданның көлік ортасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге шақырамыз.