Нұра ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жедел басқару орталығымен бірлесіп алимент бойынша берешегі бар борышкерлердің көлік құралдарын анықтау және ұстау жұмыстары жүргізілуде. Анықталған автокөліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
Аудан прокуратурасы алиментті уақтылы төлеу әрбір ата-ананың заңмен белгіленген міндеті екенін еске салады. Алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудан жалтару Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.