ALEM PRO CAMP көркем гимнастикадан ауқымды оқу-жаттығу жиыны басталды

ALEM PRO CAMP көркем гимнастикадан ауқымды оқу-жаттығу жиыны басталды
фото: Сұлтан Сейітов

Астанада ALEM PRO CAMP көркем гимнастикадан ауқымды оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

ALEM PRO CAMP көркем гимнастикадан оқу-жаттығу жиыны елордада 27 шілде мен 1 тамыз аралығында өтеді.

 Елдің түпкір-түкпірінен жиналған 70-тен астам гимнаст Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушыларының, ұлттық құрама жаттықтырушыларының, халықаралық спорт шеберлерінің, Олимпиада ойындарына қатысушылардың және жетекші ұлттық мамандардың басшылығымен шеберлікті шыңдауға бағытталған жаттығулар өткізеді. Іс-шараның баста мақсаты – гимнасшыларымыздың біліктілігін арттырып, жүлделі орындардан көрінетін жеңімпаздар дайындап, болашақта шеберлігі артақан маман қатарын көбейту. Халықаралық көркем гимнастика академиясының басшысы Әсем Бақытжанқызы іс-шараның мән-мағынасы туралы ой-пікір білдірді.

– Бізде әр жыл сайын дәстүрлі түрде оқу-жаттығу кезеңі ұйымдастырылып тұрады. Арнайы Беларусьтен халықаралық деңгейдегі білікті маман Екатерина Галкина келді. Ол шеберлігімен бөлісіп, біздің жас гимнасшылардың дағдысын шыңдайды. Бұған арнайы 6 облыс, 8 қаладан гимнасшылар қатысып отыр. Бұл оқу-жаттығу 6 күнге созылады. Тағы да басқа олимпиада шыңдарында жемісті нәтиже көрсетіп жүрген шеберлер, білгір мамандар да өздерінің білген-түйген әдіс-тәсілдерін үйрететін болады. Сондықтан аталған іс-шараның маңызы жоғары, – деді ол.