Әлем чемпионатында топ жарған спортшылармен кездесу өтті

Әлем чемпионатында топ жарған спортшылармен кездесу өтті
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Әзербайжан Республикасының Баку қаласында өткен өрт сөндіру-құтқару спорты әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен елордалық спортшылармен кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында Департамент бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Мәуленбердиев спортшыларды халықаралық аренада қол жеткізген айтулы жетістіктерімен құттықтап, олардың кәсіби шеберлігі мен табандылығын ерекше атап өтті.

Спортшылардың жетістіктеріне жеке тоқталған Бақытжан Мәуленбердиев Алла Серикханова мен Кристина Подгородецкаяның, сондай-ақ ерлер құрамасының өкілдері Петр Подгородецкий, Назарбек Ануарбек және Райымбек Сәрсекеевтің чемпионат барысында көрсеткен жоғары нәтижелерін ерекше атап өтті. Ол спортшылардың халықаралық деңгейдегі табысы – жүйелі дайындықтың, табандылықтың және кәсіби шеберліктің жемісі екенін айтып, олардың елорда мен Департаменттің абыройын асқақтатқанын жеткізді.

Кездесу соңында спортшыларға алғыс білдіріліп, алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тіледі.