Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысымы жоғары аймақтың ықпалында болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Осыған байланысты ауа райы негізінен құрғақ, бұлтсыз және жауын-шашынсыз болады.
Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағаймен қатар қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін.
Елдің басым бөлігінде жаздағыдай жылы күндер күтіледі. Алайда шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі ауа температурасы салқын болады.
Ауа температурасы күндіз:
батыста, солтүстікте, орталықта +25…+33°С;
шығыста +20…+25°С;
оңтүстікте +28…+37°С;
оңтүстік-шығыста +20…+30°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10…+20°С.