Байқоңыр ауданының прокуратурасы Астана қаласы Полиция департаментімен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» қағидаты және «Айқын нәтиже» жобасы аясында есірткі қылмыстарының алдын алу және олардың жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қабылданып жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде аудан аумағында есірткіге байланысты қылмыстардың деңгейі төмендеуде.
Естеріңізге саламыз, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз сақтау, пайдалану, өткізу, тасымалдау немесе өзге де заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Есірткі – денсаулыққа, болашаққа және қоғам қауіпсіздігіне зор қауіп төндіреді. Сондықтан полиция өкілдері заңды құрметтеп, өмірді сақтауға, есірткіден аулақ болуға шақырады.