Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болды

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болды
фото: видеоскрин

Бүгін елордада бірінші сессия ашылғаннан кейін ҚР Құрылтайының төрағасы лауазымына Айбек Дәдебай сайланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

— Конституцияға сәйкес Құрылтай төрағасы жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Жасырын дауыс беруге арналған тізімге депутат Дәдебай Айбек Арқабайұлы енгізіледі, — деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтайдың жалпы отырысында.

Бұл ретте аталған кандидат жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге енгізілді. Депутаттар арасынан есеп комиссиясы құрылып, комиссия дауыс беру барысын қадағалады. Осы орайда 145 депутаттың 144-і А. Дәдебайдың кадидатурасын қолдады.

Айта кетейік, бүгін Астанада Президенттің қатысуымен бірінші шақырылымдағы ҚР Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды. 

Айбек Дәдебай 2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған. 2003 жылы осы ЖОО-ның магистратурасын «аймақтану магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Сонымен қатар, 2001-2002 жылдары Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болды.

2008-2011 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, ҚР Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы.

2011-2013 жылдары ҚР БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе.

2013-2019 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.

2019-2021 жылдары ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары.

2021 жылдың мамыры — 2022 жылдың қаңтар аралығында ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары.

2022 жылы ҚР Президенті Іс басқарушысы. 2024 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болды. Ал 2026 жылдың мамыр айынан Айбек

Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды.