«АЭС: Инвестиция энергиясы» деректі фильмі жарық көрді

«АЭС: Инвестиция энергиясы» деректі фильмі жарық көрді
фото: видеоскрин

Әлемдегі әрбір жиырма бесінші шам Қазақстан уранынан қуат алады. Уран өндірісі бойынша жаһанда көш бастап тұрған ел тарихи олқылықтың орнын толтыру үшін атом станцияларын салу жөнінде шешім қабылдады. «АЭС: Инвестиция энергиясы» деректі фильмінде ірі жобаны жүзеге асырудың кезеңдері мен маңызы туралы баяндалады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Деректі фильмде келтірілген деректер бойынша,  2050 жылға қарай әлем елдері электр қуатын қазіргіден екі есе көп тұтынатын болады. Әлемде 2030 жылға қарай уранға сұраныс 28 пайызға ұлғаяды

Алғашқы атом электр стансасын салатын алаңды анықтау үшін Алматы облысы Жамбыл ауданында инженерлік іздестіру жұмыстары басталды. АЭС құрылысына 10 мыңға жуық адам тартылады.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша биылдан бастап атом мамандарын дайындау үшін жыл сайын 20 квота бөлінеді.

Алғашқы атом электр стансасының құрылысы 2035–2036 жылдарға қарай аяқталып, іске қосылады. 

Назарбаев университеті ғалымдары АЭС жобасына өз үлесін қоспақ, олар отын элементтерін қаптайтын балама жаңа материалдар әзірлеуге кірісті. 

АЭС құрылысына қатысты осы және өзге де сұрақтарға жауапты деректі фильмде табуға болады. Фильмді келесі сілтеме арқылы өтіп көруге болады: 

https://www.youtube.com/watch?v=v-t_WNDw5os