Денсаулық жағдайы бойынша науқас отбасы мүшесінің күтіміне немесе шалғай жерде тұруына байланысты учаскеге келе алмайтын сайлаушылар сол тұрған жердегі учаскелерде дауыс беру мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасай отырып.
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлау учаскесінің үй-жайынан тыс жерде дауыс беру үшін азамат дауыс беру күні сағат 12:00-ден кешіктірмей тіркеу орны бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беруі қажет.
"Дауыс беру күні отбасының науқас мүшесінің күтіміне байланысты денсаулық жағдайы бойынша сайлау учаскесіне келе алмайтын, сондай - ақ сайлау учаскелері құрылмаған шалғай және жету қиын аудандарда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге құқылы", - делінген ОСК хабарламасында.
Сайлау күні учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі азаматқа өтініш негізінде және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде оның тұрған жері бойынша бюллетень береді. Бюллетень алуды сайлаушы өтініште қол қою арқылы растайды. Комиссия мүшесі сондай-ақ азаматтың бюллетені мен өтінішіне қол қояды. ОСК дауыс беру кезінде ерік білдіру құпиясының міндетті түрде сақталуы қамтамасыз етілетінін атап өтті.