Астанада құны 15 млрд теңге болатын жаңа логистикалық орталық ашылды
Астанада көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында құны 15 млрд теңге болатын жаңа логистикалық орталық іске қосылды. Жоба елорда мен Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін халық тұтынатын тауарларды сақтауды, өңдеуді және бөлуді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны» АҚ президенті Константин Ли жер учаскесінің ауданы 5 га, құрылыстың жалпы ауданы 22 мың шаршы метр, пайдалы алаңы 30 мың шаршы метр екенін атап өтті. 200-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ, осы логистикалық орталықтан басқа біз Ақтөбеде логистикалық орталық салдық. Сондай-ақ Алматы мен Шымкентте салынды. Яғни, біз бүкіл Қазақстан бойынша логистикалық инфрақұрылымды дамытып жатырмыз», — деп атап өтті Константин Ли.



