Білім

Елордада Platonus Lab зертханасы ашылды

ҚР Президенті Қ-Ж. Қ. Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында: «қазіргі әлемде бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі терең цифрландыру болып табылады. Қазақстан үшін заманауи цифрлық технологиялар трансфертін, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу аса маңызды. Біз шетелдегі стратегиялық серіктестерімізбен белсенді жұмыс істеуіміз керек. Бұл ретте отандық IT-секторын өркендетіп, нығайту керек. Елімізге жас, білімді, ынталы кадрлар қажет. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кемінде 100 мың жоғары санатты IT-мамандар даярлау керек», — деп атап өтті. Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2024 ж. 13 қыркүйегінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қабырғасында Platonus Lab зерттеу зертханасының ашылуы өтті.

Н.Ротшильдтің «Ақпарат білген адам әлемді билейді» деген сөзі баршамызға белгілі. Platonus Lab зерттеу зертханасы университетіміздегі ақпараттық-білімдік ортаның оқу үдерісінің мақсатын көрсетіп қана қоймай, университетіміздің сандық білім беру қорларын дамытып, оқытудың жаңа тиімді әдістерін қолдана отырып, бағдарлама дайындау ісіне терең бойлатып, оқу үдерісінің экономикалық тиімділігін арттырады.

Platonus Lab зерттеу зертханасының ашылуына ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Д.Р.Щеглова, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қ.А. Төлеушин, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру және Мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті директоры Б.Қ.Алпысбеков, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы М.Ә. Болысбек, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттык кәсіпкерлер палатасы басқарушы директоры А.А.Бейсенбеков, «Platonus» ЖШС Бас директоры А.М.Испусинов, сондай-ақ, зертхананың ашылуына «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының жұмыс беруші серіктестері, ғылыми зерттеу институттары мен өзге де ЖОО өкілдері қатысты..

Platonus Lab зерттеу зертханасын құру «Platonus» ЖШС демеушілік көмегінің арқасында мүмкін болды. «Platonus» ЖШС-мен бірлесіп кафедра білім беру процесін цифрландыру саласында студенттерді тарта отырып, ғылыми зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр.
Platonus Lab зерттеу зертханасының шеңберінде:
• Білім алушылардың өздік жұмысқа дайындалуына, сондай-ақ оқу жоспары бойынша курстық, дипломдық, т.б. өздік жұмыстың түрлерін дайындауға сағаттар бөлінеді. Оқу-әдістемелік бағдарламасының жиынтығы қалыптасады.
• Келешекте студенттер мен магистраннар Platonus Lab бағдарламасының ақпараттық жүйесінің жасалу жолымен таныса алатын болады.
• Студенттерге бұл пән бойынша оқытушылар мен зертханаға жауапты оқытушы кеңес береді. Зертханада студенттер мен магистранттарға қажетті бағдарламалық өнімдерді қолдануға жағдай жасалған.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Platonus Lab зерттеу зертханасы білім алушылардың компьютерлік бағдарлама жасаудағы біліктілігін қамтамасыз ететін зерттеу орталығы болып табылады. Зертхананы «Platonus» ЖШС қажетті компьютерлік техникалармен, желілік құралдармен қамтамасыз еткен.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button