Елорда тынысы
Елордада бір жасар бала терезеден құлап кетті
Елордада бір жасар бүлдіршін терезеден құлап, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады. Оқыс оқиға бүгін Астана қаласының Алматы ауданында болды. Түрлі жарақаттар алған сәби (ұл) ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Осы орайда ТЖМ ескертеді:
— Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
— Терезеге арналған торлар құлаудан қорғамайды;
— Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
Биыл шілденің басындағы мәлімет бойынша, елімізде жыл басынан бері 100-ден астам бала терезеде құлап ккеткен.
ТЖМ мұндай фактілер тіркелген кезде балалар ауыр жарақат алып, мүгедек болып қалады немесе көз жұматынын хабарлап отыр.
Сурет: Pexels