Елордада ерекше қайырымдылық іс-шарасы өтті

Астанада Spectrum International School аумағында Unity Day халықаралық мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл оқиға әлемнің 30-дан астам елінен келген өкілдердің басын қосты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-шара ашық форматта өтті және мәдениетаралық диалогтың, түрлі салт-дәстүрлерді құрметтеудің және әлеуметтік жауапкершіліктің символына айналды.
Іс-шараға қатысқан қонақтар күні бойы түрлі халықтардың ұлттық тағамдарымен, костюмдерімен, сәндік-қолданбалы өнерімен танысты, сондай-ақ мектеп оқушылары мен шақырылған әртістердің қатысуымен қайырымдылық жәрмеңкесі және халықаралық концерттік бағдарламаға өтті.
Бас жүлде – Мальдив аралдарына жолдама. Мерекелік лотерея келушілер арасында ерекше қызығушылық тудырды.
«Бірлік күні – бұл жай ғана мереке емес. Бұл өзге ұлттардың мәдениетіне құрмет көрсету және қоғамда бейбітшілік пен өзара сыйластықтың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Біздің мектепте 35 елдің балалары білім алады. Дәл осындай оқиғалар балаларда өзара құрмет пен болашаққа деген жауапкершілік сезімін қалыптастырады», – деп атап өтті Spectrum International School директоры Джонатан Феррейра.
Биылғы жылы іс-шараның қайырымдылық бөлігі шұғыл трансплантациялауды қажет ететін қазақстандық мұғалімге көмек көрсету үшін қаражат жинауға арналды.