Қоғам

«Астана – есірткісіз қала» іс-шарасы өтті

Елордада «Астана – есірткісіз қала» ұранымен жасөспірімдер ұлттық ойын түрлерінен сынға түсті, деп хабарлады astana-akshamy.kz .

Аталған қауіпті індетпен күресу әрі ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында елорда төрінде 10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында спорттық іс-шара өткізілді.

«Біз бұл іс-шараны есірткі тақырыбына арнау арқылы қоғамда аса өзекті болып отырған проблемаға көпшіліктің назарын аударғымыз келді. Жастар арасында зиянды әдеттерге қарсы иммунитет қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз. Есірткіге қарсы күрес – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның міндеті. Бұл санаттағы балалар – тәуекел тобына жататын, өмірлік бағытын енді анықтап жатқан жасөспірімдер. Біз оларды ерте жастан дұрыс бағытқа, салауатты өмір салтына бағыттағымыз келеді. Олардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау – келешектегі қылмыстың, тәуелділіктің алдын алудың бір жолы», – деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының маманы Гүлнұр Базарханова.

ІІМ деректері бойынша жыл басынан бері заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 251 келі синтетика тәркіленді. Бұдан басқа, 69 есірткі зертханасы, оның ішінде 5 синтетикалық есірткі өндірісі жойылды. Есірткі бизнесінің қаржылық ағынына қарсы күресте шамамен 850 млн теңгеге 8 мыңға жуық шот бұғатталды.

Спорттық мереке барысында 50-ге жуық жас спортшы асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыс және «Көңілді старт» аясында өзара жарысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button