Құқық

Жаяу жүргіншілер өткелінен өту қағидаларын бұзу фактілерін автоматты түрде тіркеу жүйесі іске қосылды

Астанада жаяу жүргіншілер өткелінен өту қағидаларын бұзу фактілерін автоматты түрде тіркеу жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жасанды интеллект технологиялары қолданылатын интеллектуалды жүйелер жол қозғалысын талдап, жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеген жағдайларын анықтайды. Мұндай құқық бұзушылықтар бейнебақылау камералары арқылы нақты уақыт режимінде тіркеледі.

Жаңа жүйе жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырамыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button