Елорда тынысы

Астанада «Болашақ ойындары – 2026» өтеді

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана цифрлық және дәстүрлі спорт түрлерінің басын қосатын фиджитал спорттың әлемдік алаңына айналады, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz «Болашақ ойындары» дирекциясына сілтеме жасап.

Ел астанасында жаңа буын жарыстарының 12 күндік бағдарламасына 50-ден астам ұлт өкілінен құралған халықаралық клубтардың құрамындағы 800-ден астам қатысушы, технологиялық брендтер мен мыңдаған көрермен бас қосады. Бұл додада спорт пен шоу өзара тоғысады.

«Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) бағдарламасына мыналар кіреді:
• фиджитал футбол;
• фиджитал баскетбол;
• корольдік шайқас;
• фиджитал шутер;
• фиджитал би;
• MOBA PC;
• MOBA Mobile;
• фиджитал жекпе-жек.

Ұйымдастырушылар мен IPSOS халықаралық зерттеу компаниясының деректеріне сәйкес, «Болашақ ойындары – 2025» (GOTF 2025) турнирі бұл форматқа әлемдік қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті:
• 850-ден астам қатысушы;
• әлем бойынша 461 миллионнан астам онлайн қаралым;
• 137 миллион бірегей көрермен.
Сондай-ақ «Болашақ ойындары – 2025» турниріне ондаған мың көрермен қатысып, жарыстардың трансляциясы әлемдегі жетекші медиаплатформалар мен стримингтік сервистер арқылы көрсетілді.

Еске салайық, іс-шара билеттерінің сатылымы басталып кетті. Билеттерді онлайн платформалар арқылы сатып алуға болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button