Ел тынысы

«AMANAT» партиясының жол картасы аясында Астананың дамуына серпін берген нақты жобалар жүзеге асты

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізілді. Өнеркәсіп, білім беру, тұрғын үй және инфрақұрылым салаларында жүзеге асқан жобалар елорда тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

№1 Индустриалды парк аумағында көлемді-блокты тұрғын үй құрылысы зауыты іске қосылды. Жаңа өндіріс орнында 400 жұмыс орны ашылып, жылына 135 мың шаршы метр темірбетон өнімдерін шығару мүмкіндігі қалыптасты.

Сонымен қатар, жолаушылар вагондарын өндіретін кәсіпорын табысты жұмысын жалғастыруда. Мұнда 166 жаңа жұмыс орны құрылып, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 80 жолаушылар вагонын шығаруға жетті. Дайын өнім өндірісі 2025 жылдың IV тоқсанында іске қосылды.

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту бағытында да оң көрсеткіштер тіркелді. 2025 жылы салаға 47,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 22 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 1 457 жаңа жұмыс орны ашылды.

Білім беру инфрақұрылымын кеңейту мақсатында 2023–2025 жылдар аралығында қалада 109 530 орынға арналған 44 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 34 мектеп – мемлекеттік, 10 мектеп – жекеменшік. Бұл өз кезегінде оқушы орындарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді.

Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында да жоспарланған межелерден жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. 2023–2025 жылдары 3 600 пәтер тапсыру жоспарланған болса, іс жүзінде 4 578 пәтер беріліп, жоспар 978 пәтерге артығымен орындалды.

Қалалық ортаны жақсарту жұмыстары аясында 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылды. Сонымен қатар, 90-нан астам спорт алаңы салынып, жалпы аумағы 2 634 шаршы метрді құрайтын екі жаңа спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Осылайша, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалар Астананың тұрақты дамуына серпін беріп, тұрғындар үшін қолайлы әрі заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етуде.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button