Ел тынысы

Көктал елді мекеніндегі балабақшаның қосымша ғимараты қолданысқа берілді

Астана қаласында №47 «Ақжелкен» балабақшасының балдырғандарына арнап қосымша ғимарат пайдалануға берілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қосымша ғимарат Көктал шағын ауданындағы мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі. Нысан балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында толық жабдықталған. Мұнда логопед, психолог кабинеттері, сенсорлық және инклюзивті қолдау бөлмелері, сондай-ақ музыка залы қарастырылған.

Аталған балабақша ашылуы елордада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісін кеңейту және балаларды сапалы тәрбиемен қамту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырудың көрінісі.

Астана қаласында 2029 жылға дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мақсатында жалпы 14 мың орынға арналған 60 жаңа балабақша салу жоспарланған.

Бұл бағытта 2025 жылы 600 орындық 2 мемлекеттік балабақша пайдалануға берілді. Олар: Нұра ауданындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан №99 «Бүлдіршін» балабақшасы және Есіл ауданындағы Пригородный елді мекенінде орналасқан №100 «Көркем» балабақшасы.

2026 жылы 1949 орындық тағы 6 балабақшаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде 2 мемлекеттік (Ильинка тұрғын алабы, Сырым батыр көшесі және Ұлы Дала даңғылы маңындағы «Элингтон» тұрғын үй кешені) және 4 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым бар.

Сонымен қатар, жаңа Бас жоспарға сәйкес 2035 жылға дейін қала аумағында 183 балабақша салуға жер телімдері қарастырылған.

Қалада мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп жатыре. Дегенмен, демографиялық өсім мен урбанизация үдерістеріне байланысты балабақша орындарына деген сұраныс сақталып отыр. Осыған орай, алдағы кезеңде мемлекеттік және жекеменшік серіктестік тетіктерін кеңейту, жаңа орындар ашу және қолданыстағы желіні тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button