Құқық

Астанада көші-қон талаптарын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды

Елорда аумағында көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетел азаматтарының елде заңды түрде болуын қамтамасыз ету мақсатында полицияның түрлі бөлімшелерінің қызметкерлерінен арнайы топтар құрылды. Олар шетел азаматтары болуы мүмкін және жиі жүріп-тұратын орындарды патрульдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ерекше назар құрылыс нысандарына, базарларға, азаматтар көп жиналатын орындарға, теміржол вокзалы маңындағы аумақтарға, ойын-сауық орындарына және өндірістік аймақтарға аударылды.

Жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзудың 364 дерегі анықталды. Олардың ішінде халықтың көші-қон саласындағы заңнамасының талаптарын бұзған 298 шетел азаматы анықталды. Сонымен қатар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау және олардың болуына қатысты көші-қон заңнамасын бұзған Қазақстан Республикасының 44 азаматы, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 22 жұмыс беруші анықталды.

Бұдан бөлек, бұған дейін ел аумағынан шығарылғанымен, сот шешімін орындамаған 6 шетел азаматы анықталып, мәжбүрлі түрде елден шығарылды.

Аталған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылған. Сот шешімімен 43 шетел азаматын ел аумағынан шығару туралы қаулы қабылданды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button