Ел тынысы

Жеңіл атлетикадан қалалық чемпионат өтті

Астанада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жеңіл атлетикадан қалалық чемпионат өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Қазақстан» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2013-2017 жылы туған 150-ден астам жас спортшысы бас қосты.

Қатысушылар әртүрлі дисциплина бойынша сынға түсіп, өздерінің дайындығын, жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

«Біз үшін балалардың бақыты бәрінен жоғары. Бұл чемпионат – олардың денсаулығы, қуанышы мен дамуына арналған мереке. Балалардың қамқорлықта, сүйіспеншілік пен қауіпсіз ортада өсуі маңызды. Ал спорт олардың мықты әрі өзіне сенімді болып қалыптасуына көмектеседі», – деді жаттықтырушы Райана Амангелді.

Жарыс спорттық мереке, әділ бәсеке және ерекше көңіл күйде өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button