Құқық

Прокурорлар студенттерімен құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған кездесу өткізді

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы Мақсұт Нәрікбаев Университетінің студенттерімен құқықтық сауаттылық, цифрлық қауіпсіздік және киберқылмыстың алдын алу мәселелеріне арналған кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында қатысушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары, киберқылмыстың түрлері, дербес деректерді қорғау шаралары, сондай-ақ цифрлық кеңістікте құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

Интернет желісіндегі қауіпсіз мінез-құлық, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және ақпараттық технологияларды пайдалануға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оның барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алып, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар алды.

Астана қаласының прокуратурасы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізуді жалғастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button