Ел тынысы

Астаналық батут гимнасттары Азия чемпионатында тарихи нәтиже көрсетті

Гонконг қаласында батуттық гимнастикадан Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға Азияның 10 елінен және аймағынан спортшылар қатысып, батуттық гимнастиканың бірнеше бағдарламасы бойынша сынға түсті. Қатысушылар қатарында Қазақстан, Қытай, Жапония, Гонконг (ҚХР), Үндістан, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Филиппин және Солтүстік Корея спортшылары болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары тарихи жетістікке қол жеткізді. Елордалық құрама Азия чемпионаты тарихында алғаш рет батутта жеке секіру бағдарламасында алтын және күміс медаль иеленді.

17–21 жас санатындағы батутта жеке секіру бағдарламасында астаналық спортшы Евгения Чернышова 46,74 балл жинап, Азия чемпионы атанды. Оның жеке жаттықтырушысы — Елдар Жеңісханов.

Сонымен қатар, 15–16 жас санатында тағы бір елордалық спортшы Варвара Шарапова 48,77 баллмен күміс жүлдеге ие болды. Спортшының жаттықтырушысы — Ержан Әскерұлы.

Айта кетейік, спортшылар Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде жаттығады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button