Ел тынысы

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Бакуде өткен Дүниежүзілік урбан форумының (WUF-13) 13-ші сессиясына қатысты. Іс-шара жедел урбанизацияның сын-қатерлерін және оның қалаларға, қоғамға, экономикаға және климатқа әсерін талқылау алаңы – БҰҰ-Хабитат платформасының қолдауымен өткізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Форумға әлемнің 100-ден астам елінен 20 мыңнан аса делегат қатысты. Олардың қатарында Өзбекстан, Қырғызстан, Сербия, ҚХР, Грузия, Болгария, Кения, Маврикий елдері мемлекеттерінің және үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері, академиялық және іскер топтардың басшылары болды. Қазақстан делегациясы құрамында Астана қаласының әкімі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, облыс және қала әкімдіктерінің басшылары бар.

Өз сөзінде Қазақстан Премьер-министрі қала құрылысының тұрақты дамуының жаһандық күн тәртібінің маңыздылығын атап өтті. Бүгінде Қазақстан халқының 63%-дан астамы экономикалық өсудің қозғаушы күші мен адам капиталын тарту орталығына айналып отырған қалаларда тұрады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған стратегиялық бағытқа сәйкес, мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі – өмір сүруге қолайлы жағдай жасау және лайықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Үкімет адамға бағдарланған тәсілді басшылыққа алады. Онда “азаматтарға арналған қалалардың» негізі қауіпсіздік, қолжетімділік және экологиялық тұрақтылық қағидаттарына сүйенеді»,  деп атап өтті Олжас Бектенов.

2026 жылдың қаңтарында Қазақстанда сәулеттік жобалау мен кешенді қала жоспарлаудың бірыңғай стандарттарын бекіткен жаңа Құрылыс кодексі қабылданды. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірінде урбанистикалық даму орталықтары құрылды.

ҚР Премьер-министрі қалалардың орнықты дамуы заманауи сын-қатерлерге, соның шініде технологиялық даму мен жасанды интеллект, су қауіпсіздігі, климаттың өзгеруі және қалалық инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыруға кешенді жауап беруді талап ететінін атап өтті. Қаланы құрылысын дамытудағы жаңа тәсілдердің бір мысалы, дамыған урбанистикалық өсу орталығы ретінде Alatau city жобасы аталады. Қалалық кластер халықаралық инвестициялар тартуға, жайлы, тұрақты және технологиялық қалалық ортаны қалыптастыру үшін заманауи басқару технологиялары мен инновациялық шешімдер енгізуге бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button