Құқық

Заңды өмір — жарқын болашақ

Астана қаласының прокуратурасы елорда әкімдігімен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заңды өмір – жарқын болашақ» профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Оған прокуратура, Ішкі саясат және Мәдениет басқармалары, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Психикалық денсаулық орталығы, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, Еңбек мобильділігі орталықтары, «Адал жүрек» әлеуметтік жобасының басшылары қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

– Іс-шара барысында құқықтық, психологиялық, әлеуметтік және еңбекке орналасу бағыттары бойынша нақты көмек тетіктері түсіндірілді. Спикерлер баяндама жасады. Өмірде қиын жағдайдан шығуға құлшыныс беретін тағылымды бейнематериалдар ұсынылды. Мұндағы мақсат – пробациялық бақылауда тұрған азаматтар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және оларды қайта әлеуметтендіру, – деді Астана қаласы Сарыарқа аудандық прокурорының орынбасары Дамир Тағаев.

Сондай-ақ Музыкалық жас көрермен театрының әртістері «Екі ғұмыр» атты қойылым қойды. Мұнда есірткіні қолданудың қайғылы салдары көрсетілді. Соңында кәсіпкерлердің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, пробациялық бақылауда тұрған азаматтарға жұмыспен қамту және қоғамға бейімделу мүмкіндіктері ұсынылды.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button