Оқушылар арасында «Құқықтық навигатор» квест-ойыны өткізілді

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде және «Заң және тәртіп» жобасы аясында Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Ақжан Әл -Машани» атындағы №92 мектеп -лицейінде «Заң мен тәртіп» апталығы аясында 8 «Ә» және 8 «В» сынып оқушылары арасында «Құқықтық навигатор» квест – ойыны өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпке құрметпен қарау дағдысын қалыптастыру, ойын арқылы құқықтық нормаларды практикада қолдануға үйрету, заңдар мен ережелерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Ойын балалардың топта жұмыс істеу қабілетін дамытуға септік етті. Әр топ өздеріне берілген топтық тапсырмаларды орындап, ребустар, құқықтық сөзжұмбақтарды шешті, булингке қатысты құқықтық жағдайларды талқылады. Бала құқығы туралы Конвенция баптары бойынша сұрақтарға жауап берді. Оқушылар квест-ойыны барысында құқық пен міндет, жауапкершілік түрлері, құқықтық мемлекет қағидаттары, сондай-ақ күнделікті өмірде кездесетін құқықтық таңдауларға қатысты пікір таластырып, өз ұстанымын нақты аргументпен жеткізуге тырысты. Ең бастысы — бәрі белсенді қатысып, бір-бірін тыңдап, мәдени түрде пікір алмасуды үйренді.
Нәтижесінде квест– ойыны арқылы оқушылардың құқықтық сауаттылығы артып қана қоймай, өмірлік маңызды шешімдерді дұрыс қабылдауға үйренді. Заң талаптарын құрметтеу дағдылары қалыптасып, буллинг мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша білімі кеңейді.



