Білім

Ғылым мен білім саласындағы жаһандық үдерістерге сай қабылданған маңызды шешім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты, Астана қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының директоры Лаура Сәрсембекова Мемлекет басшысының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Жарлығына қатысты пікір білдірген еді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

– Мемлекет басшысының бұл бастамасы ғылым мен білім саласындағы жаһандық үдерістерге сай қабылданған маңызды шешім деп есептеймін. Қазіргі кезеңде жасанды интеллект технологиялық құрал ғана емес, ол – оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететін тиімді мүмкіндік. Білім беру жүйесі де заман талабына сай жаңарып, озық технологиялармен ұштасуы қажет, – деді ол.

Сонымен қатар, жасанды интеллект тиімді пайдалану қашанда өз кәдесін береді екен.

–Бұл тарихи танымды жаңғыртып қана қоймай, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан инновация мен рухани тұтастық қатар дамуы қажет, – деді мектеп директоры.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button