Ел тынысы

Елордалық 15 жастағы шахматшы Қазақстан чемпионы атанды

Астана қаласында (Coventry University Kazakhstan) классикалық шахматтан өтіп жатқан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында жаңа чемпион шықты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сауат Нұрғалиев 15 жасында алтыннан алқа тағып, сенсация жасады. Ол 13 турда 9 ұпай жинады. Бүгінгі шешуші ойындағы тең ұпай оның көш басында қала беруіне кедергі болған жоқ.

Ерлер (Open) жүлдегерлер:
1. IM Сауат Нұрғалиев (2464, Астана) 9 ұпай
2. IM Жандос Ағманов (2473, Астана) 8,5 ұпай
3. GM Рамазан Жалмаханов (2464, Алматы) 8 ұпай.

Әйелдер арасында да тартыс соңғы сәтке дейін сақталды. Нәтижесінде алғашқы төрттіктегі шахматшыда бірдей ұпай. Орындар тек қосымша көрсеткіш бойынша анықталды.

Жүлдегерлер:
1. Лия Құрманғалиева, 9 балл
2. Зарина Нұрғалиева, 9 балл
3. Елназ Қалиахмет, 9 балл

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button