Ел тынысы
Astana Team шайбалы хоккейден халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді
Astana Team командасының ойыншылары шайбалы хоккейден 30 сәуір — 3 мамыр аралығында Италияның Аоста қаласында өткен халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Турнирге Канада, АҚШ, Франция, Швейцария, Венгрия, Нидерланды, Италия және Польша командалары қатысты. Турнир финалында Astana Team командасы Польшадан келген команданы 5:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Astana Team командасының жаттықтырушылары Владимир Захаров пен Эдуард Мазулдың басшылығымен турнирге қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен ойыншылар шақырылды.



