Астанада прокурорлар мектеп оқушыларына дәріс өткізді
Астана қаласындағы №65 гимназия-мектепте қалалық прокуратураның қызметкерлері профилактикалық дәріс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Дәріс барысында қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс ережелері, сондай-ақ жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар – алаяқтық, дропперлік, есірткі қылмыстары және басқа да қылмыстық әрекеттер үшін заңды жауапкершілік түрлері түсіндірілді.
Сонымен бірге, рөлдік ойындар өткізілді, оның барысында мектеп оқушылары ойын қатысушылардың әрекеттерін өздері бағалап, заңдық сауаттылығын көрсетті.

Іс-шарамен 9-11 сыныптардың 150 оқушысы қамтылды.
«Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдердің қылмыстық схемаларға тартылу қаупін төмендету, қылмыстарға деген төзбеушілік қалыптастыру.
Қала прокуратурасы білім беру мекемелеріндегі профилактикалық жұмыс кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың негізгі құралы екенін атап өтеді.



