Елорда тынысы

Алдағы күндері Астанада ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері Астанада алдағы үш күнде — 29, 30 сәуір және 1 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астанада 29 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +2…+4 градус, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +21…+23 градус.

30 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +6…+8 градус, күндіз +24…+26 градус.

1 мамырда көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +9…+11 градус, күндіз +25…+27 градус.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button