Денсаулық

Жатыр мойны обырының алдын алу мәселесі талқыланды

Жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы ең өзекті онкологиялық аурулардың бірі болып отыр. Ауруды ерте кезеңде анықтауға болатынына қарамастан, асқынған жағдайлар әлі де жиі кездеседі. Астанада өтіп жатқан иммундау апталығы аясында алдын алу шаралары мен вакцинацияның маңызы туралы елордалық көпсалалы медициналық орталықтың онкогинекологы, медицина ғылымдарының кандидаты Бақытжан Әлібекова айтып берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Маманның айтуынша, жатыр мойны обыры әйелдердегі онкологиялық аурулар арасында сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Бұл дерттің алдын алудың екі негізгі жолы бар.

Біріншісі – адам папиллома вирусына (ВПЧ) қарсы вакцинация. Дәл осы вирус жатыр мойны обырының алдын алу болып саналады.
Екіншісі – тұрақты скринингтік тексерулерден өту.

«Вакцинацияны 13-15 жас аралығындағы қыздарға жасаған жөн. Бұл вируспен ықтимал байланысқа дейін иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ал екіншілік профилактика – гинекологқа тұрақты қаралып, цитологиялық зерттеулер жүргізу. Вакцинаның әсер ету механизмі қарапайым: екпеден кейін ағзада қауіпті вирус түрлерінен қорғайтын антиденелер түзіледі. Бұл антиденелер вирустың дамуына жол бермей, соның нәтижесінде жатыр мойны обырының пайда болуын тежейді», – дейді дәрігер.

Оның сөзінше, жыл сайын бұл ауруға шалдығу көрсеткіші артып келеді. Науқастардың шамамен 70%-ы ауруды ерте кезеңде анықтаса, 30%-ы кеш сатысында жүгінеді.

«Егер вакцинация уақытылы жасалса, біз тек обырды емдеп қана қоймай, оның алдын ала алар едік. Вакцинадан қорқудың қажеті жоқ. Аустралия мен АҚШ сияқты елдерде екпенің арқасында жатыр мойны обырының таралуы айтарлықтай төмендеді. Вакцинаның бала туу қабілетіне ешқандай кері әсері жоқ», – деп атап өтті маман.

Дәрігердің айтуынша, адам папиллома вирусының 100-ден астам түрі бар, оның ішінде ең қауіптілері – 16 және 18 типтері.

Сонымен қатар вирус ер адамдарда да түрлі ауруларға, соның ішінде жыныс мүшелері, анус аймағы және ауыз қуысының зақымдануына себеп болуы мүмкін. Сондықтан вакцинация тек қыздарға ғана емес, ұл балаларға да маңызды.

Маман екпе салдырғанның өзінде тұрақты медициналық тексерулерден өтіп тұру қажет екенін ескертті. Өйткені уақыт өте келе вакцинаның әсері әлсіреуі мүмкін. Жалпы, онкологиялық аурулармен күресте ең тиімді жол – алдын алу шаралары.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button