Ел тынысы

Түркияда топ жарды

Астанадағы балабақшалардың балдырғандары Түркиядағы Еуразия кубогы турнирінде жеңіске жетті.

Түркияның Тоқат қаласында тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық Еуразия кубогы турнирі өтіп жатыр. Дүбірлі додаға Қазақстан, Мысыр, Сирия, Түркия және Чехия елдерінен 40-қа жуық спортшы қатысуда.

Биылғы жарыстың басты ерекшелігі – тоғызқұмалақ аясында 5 жасар балдырғандар арасында алғаш рет бестемше және мангала бойынша этноолимпиаданың ұйымдастырылуы. Аталған сында елордалық балабақшалардың тәрбиеленушілері үздік нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.

Атап айтқанда, бестемше ойыны бойынша ұлдар арасында №37 «Арман» балабақшасының тәрбиеленушісі Арнұр Серікбай І орынды иеленді. Қыздар арасындағы бәсекеде №69 «Еркемай» балабақшасының тәрбиеленушісі Айлин Қали І орынға лайық деп танылды. Сондай-ақ №66 «Толағай» балабақшасынан Бексұлтан Сапарғали мен №67 «Шұғыла» балабақшасынан Мансұр Әлібаев ІІІ орынды еншілеп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button