Елорда тынысы
Қосшыға LRT жүреді
Астана мен Қосшы арасындағы LRT желісінің құрылысы 2027 жылдың соңына дейін аяқталады.
Жоба қалаға күн сайын қатынайтын мыңдаған тұрғын үшін көлік жүктемесін азайтуды көздейді. Сонымен қатар 2026 жылы Шыңғыс Айтматов көшесі бағытында жаңа желі құрылысы басталады деп жоспарланған. Елорда тұрғындарына қоғамдық көлік қызметін көрсететін City Transportation Systems компаниясынының мәліметінше, LRT бір күнде 45 мың адам тасымалдай алады.



