Ел тынысы

Хоккейден «Астана» командасы үздік нәтиже көрсетті

Астанада шайбалы хоккейден 2013 жылы туған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының U-13 чемпионаты өз мәресіне жетті. «Мықтылар» тобы бойынша өткен маусымда елордалық «Астана» командасы үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Плей-офф кезеңінде Астана және Өскемен қалаларының командалары бақ сынасты. Маусым қорытындысы бойынша барлық қарсыласынан басым түскен «Астана» командасы сенімді ойын өрнегін көрсетіп, алтын жүлдеге ие болды.

Күміс медаль Өскемен қаласының хоккей мектебінің тәрбиеленушілері – «Торпедо» командасына бұйырды. Үздік үштікті «Барыс» 2013-1 командасы түйіндеді.

Чемпион команданы Владимир Матюхин мен Игорь Боровиков жаттықтырады. Ойыншылар Астана қаласы әкімдігінің №10 мамандандырылған шайбалы хоккей балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері болып табылады.

2025–2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша ел чемпионы атанған «Астана» командасы осылайша өз жас санатында республикадағы ең үздік ұжым екенін дәлелдеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button