Білім

Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталады

Астанада 2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Биыл 33 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2026-2027 оқу жылында Астана қаласының мектептеріне бірінші сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызда аяқталады. Жаңа оқу жылында Астана бойынша бірінші сыныпқа 33 мыңға жуық бала барады деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және осы білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде, ата-ананың өтініші негізінде қабылданады. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден басқа барлық мектепке бірінші сыныпқа түсу емтихандарынсыз қабылданады.

Ата-аналар құжаттарды www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ қағаз бойынша тапсыра алады. Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету үшін бірінші сыныпқа балаларды қабылдау жөніндегі комиссия ұйымдастырылады.

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезінде ұсынылатын құжаттар тізбесі:

1) ата-ананың немесе заңды өкілінің жазылған өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);
3) қызмет алушының жеке куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);
4) № 065/е нысанындағы «Иммундау паспорты» және № 052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығының паспорт» медициналық анықтамалары;
5) баланың 3х4 см көлеміндегі фотосуреті.

Сондай-ақ, құжаттарды қағаз түрінде тапсырған кезде баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты қосымша ұсыну қажет.

Құжаттар апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Білім беру ұйымының міндетті құжаттар тізбесінде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.

Аудандар бөлінісінде білім беру ұйымына қызмет көрсету аумағын бекіту туралы ақпарат Астана қаласы Білім басқармасының ресми сайтында https://www.gov.kz/ және жалпы білім беретін мектептердің сайтында орналастырылған. 

Аталған бұйрықтың 17-тармағына сәйкес Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау каникул кезеңінде жүзеге асырылады, мынадай жағдайларды қоспағанда:

• заңды күшіне енген сот шешімі болған кезде;
• бір елді мекеннің ішінде немесе басқа елді мекенге көшкен кезде (меншік құқығындағы тұрғын үйі болған жағдайда немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттар ұсынылғанда);
• Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығу кезінде (шығуды растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда);

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа және (немесе) буллингке ұшыраған және (немесе) олардың куәгері болған кәмелетке толмағандарды ауыстыру жағдайлары.

Бірінші сыныпқа қабылдау және жалпы білім беретін мектептер арасында ауысу мәселесі туындаған жағдайда Астана қаласы Білім басқармасының 556870, 556881, 556887, 557462 байланыс телефондары арқылы жүгінуге болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button