Цирктегі Наурыз Show

Астаналық цирк аренасында Наурыз Show бағдарламасы ұсынылып жатыр. Ұлыстың ұлы күні басталған аталмыш бағдарлама аясында өнер ұжымының ең әсерлі нөмірлерін 5 сәуірге дейін тамашалауға болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Заманауи режиссерлік шешімдер мен классикалық цирк өнерін үйлестірген бағдарламада динамикалық әрі көрерменге әсер сыйлайтын нөмірлер топтастырылған. Атап айтқанда, әуе гимнасттары Наталья Румянцева, Ғабиден Еркінбек, сондай-ақ Әли Салаватов, Айбек Супатаев, Сағыныш Тимур, Муратжон Махмудов сынды әртістер, жонглерлер, ат құлағында ойнайтын акробаттар, клоундар өнерімен тәнті етеді.

Бағдарламада көркемдік және техникалық безендіруге ерекше көңіл бөлінген. Заманауи жарық шешімдері, қуатты музыкалық сүйемелдеу және қызылды-жасылды костюмдер көрерменге ұмытылмас көңіл күй сыйлайды. Бағдарлама барлық жас санатындағы көрермендерге арналған. Балалар үшін – бұл сиқыр мен қуаныш әлемі болса, ересектер үшін балалық шақтың жылы сезімдері мен цирк өнерінің таңғажайыбын сезінуге мүмкіндік. Наурыз Show – бүкіл отбасыға арналған мазмұнды демалыстың тамаша үлгісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шоу көктемгі жаңару мен Наурыз мерекесінің мәнін заманауи цирк өнері арқылы бейнелейді.



