Ел тынысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің тиімділігі расталды

«Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту бойынша іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Биыл наурыз айында тоқсан сайынғы ақпараттық — түсіндіру жұмысы шеңберінде Институттың комплаенс-офицері ISO 37001 халықаралық стандартының талаптары, сондай-ақ Институттың жаңартылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бойынша қызметкерлерге дәріс өткізді.

Іс-шара барысында мүдделер қақтығысының алдын алу, іскерлік әдеп нормаларын сақтау және шешімдер қабылдау барысында ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

2026 жылғы 16-18 наурыз аралығында «CERT International» сертификаттау органы сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесіне қадағалау аудитін жүргізді. Оның қорытындысы бойынша жүйенің ISO 37001 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі расталып, бұрын берілген сертификаттың мерзімі ұзартылды.

Аудит нәтижелері Институттың сыбайлас жемқорлыққа қатысты «нөлдік төзімділік» қағидаттарын ұстанатынын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жетілдіруге бағытталғанын растайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button