Денсаулық

Денсаулықты қорғаудың конституциялық басымдығын растайды

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда ҚР жаңа редакциядағы Конституциясының, сонымен қатар «2026 жылғы 15 наурызда республикалық қабылданған ҚР Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №1206 Жарлығының қабылдануына байланысты, денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі түсіну және қолдану мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі төмендегіні хабарлайды.

ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес ҚР – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып табылатын әлеуметтік мемлекет болып табылады.

Осыған байланысты денсаулық сақтау құқығы адам құқықтарының негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бірі болып табылады және мемлекет тарапынан кепілді түрде қорғалуға жатады.

Конституцияның 32-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес:

— азаматтардың денсаулығын сақтауға құқығы бар;
— азаматтар заңда белгіленген, өздері ақы төлемейтін медициналық көмекті алуға құқылы.

Аталған нормалар Конституцияның 14-бабымен жүйелі байланыста қарастырылуы тиіс, онда адамның құқықтары мен бостандықтары ажырамас әрі мемлекетпен кепілдендірілетіндігі бекітілген. Бұл мемлекет азаматтардың әлеуметтік және мүліктік жағдайына қарамастан медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі өз міндетін сақтайтынын білдіреді.

«Азаматтар өздері ақы төлемейтін медициналық көмек» деген тұжырым өзінің құқықтық мәні бойынша медициналық көмектің ақылы болуын білдірмейді, керісінше, медициналық көмекті қаржыландыру көздерінің әртараптандырылуын көздей отырып, азаматқа тікелей қаржылық жүктеменің жүктелмейтінін білдіреді.

Атап айтқанда, медициналық көмек:

— мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен;
— міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде;
— заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен (қайырымдылық, халықаралық ұйымдар және т.б.) қаржыландырылуы мүмкін.

Осылайша, азамат медициналық көмекті тікелей төлемей алатын қолданыстағы модель сақталады.
Қосымша назар аудару қажет, Конституцияның 41-бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары тек заңмен және тек денсаулықты, қоғамдық тәртіпті және өзге де конституциялық құндылықтарды қорғау мақсатында ғана шектелуі мүмкін.

Бұл норма денсаулықты қорғаудың конституциялық басымдығын тағы да растайды. Сонымен қатар Конституцияның 5-бабына сәйкес Конституция ең жоғары заңдық күшке ие және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар оның нормаларын тікелей қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button