Әлеумет

«Табысым артып, сенімділігім күшейді»: JOLTAP жобасының ерекшеліктері

Астанада жүзеге асып жатқан JOLTAP жобасы жастарға жаңа мамандық игеруге мүмкіндік беріп, нақты нәтижесін көрсете бастады. Жобаға қатысып, жаңа саланы меңгерген Ақниет Дулат JOLTAP-тың ерекшеліктері туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ақниеттің айтуынша, бұл жоба туралы Threads әлеуметтік желісі арқылы біліпті.

«Мен SMM бағыты бойынша білім алдым. Негізі бұл сала маған таңсық емес, себебі, бұған дейін мобилограф ретінде жұмыс істеп, тәжірибе жинаған едім. Ал оқу процесі жеңіл әрі түсінікті өтті», – дейді Ақниет.

Мұнда ол бұрынғы дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, жаңа білім алып, тәжірибе жинаған.
«Жоба маған қатты ұнады. Табысым артты, жаңа нәрселер үйрендім, өз-өзіме деген сенімділігім күшейді», – дейді ол.

Бүгінде Ақниет JOLTAP жобасының арқасында кәсіби дамуын жалғастырып, нақты нәтижелерге қол жеткізіп отыр.
«Қазіргі таңда үш жобамен жұмыс істеп жүрмін. Нақты айтқанда, екеуінде мобилограф, ал біреуінде SMM маманы ретінде еңбек етіп жүрмін», – дейді кейіпкеріміз.

Оның айтуынша, JOLTAP жобасы – жаңа мамандықты меңгеріп қана қоймай, еңбек нарығында өз орныңды табуға үлкен мүмкіндік беретін тиімді бастамаға айналған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button