Ел тынысы

Астана декларациясы қабылданады

Сәуірде елордада өтетін Өңірлік экологиялық саммитінде Орталық Азия елдерінің басшылары Астана декларациясына қол қояды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мұны Ташкентте өтіп жатқан «Water week» форумында баяндама жасаған Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты.

— Жақын арада өңіріміз үшін маңызды бірқатар іс-шара өтеді. 30 наурызда Астана қаласында Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының отырысы болады. Бұл — қордың қызметі мен бірлескен бағдарламаларды іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылданатын орган саналады. Онда өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі бірқатар шешім қабылданады, — деді министр.

Сонымен қатар, 22 сәуірде елордада ұйымдастырылатын Өңірлік экологиялық саммит аясында Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button