Білім

ЕҰУ математиктері Астананың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған ғылыми шешімдер әзірлеуде

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті механика-математика факультетінің білім алушылары Астана қаласы мен оған іргелес аумақтардың экологиялық мәселелерін анықтауға және талдауға бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Зерттеу жұмыстары заманауи математикалық модельдеу және сандық талдау әдістерін қолдануға негізделген. Есептеулер мен деректерді өңдеу арқылы 4-курс студенттері Әлібек Әбілқай, Мадияр Мұқаров және Мұхамеджан Айтуған қоршаған ортаның жағдайына әсер ететін негізгі факторларды айқындап, ластану көздерін анықтап, олардың жалпы экологиялық жүктемеге қосатын үлесін бағалауда. Алдағы уақытта жас математиктер цифрлық модельдеу деректері негізінде нақты экологиялық мәселелер бойынша болжам жасап, тиімді шешімдер әзірлеуге мүмкіндік алады.

«Алынған нәтижелер өңірдің экологиялық ахуалы туралы объективті әрі ғылыми негізделген көрініс қалыптастыруға мүмкіндік береді. Математикалық модельдер тек қазіргі көрсеткіштерді тіркеумен шектелмей, әртүрлі сценарийлер бойынша үдерістердің одан әрі дамуын болжауға жол ашады», – дейді Әлібек Әбілқай.

Зерттеулер жастардың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыруға бағытталған инновациялық бастамаларды дамытатын ғылыми алаң – «ЭкоLab» жасыл идеялар зертханасы базасында жүзеге асырылуда.

«Біздің мақсатымыз – теория мен тәжірибені ұштастырып, жас зерттеушілердің идеяларын жүзеге асыруға жағдай жасау. Мұндай ғылыми алаңдар болашақ ғалымдарды қалыптастыруға ықпал етіп, орнықты дамуға өз үлесін қосады», – деп атап өтті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ механика-математика факультетінің студенттермен жұмыс жөніндегі декан орынбасары, PhD Данагүл Қаратаева.

Осылайша, студенттік ғылым елорданың орнықты дамуы жолындағы өзекті міндеттерді шешудің маңызды тетігіне айналып, математика, экология және басқару салаларын тоғыстырған пәнаралық тәсілдің әлеуетін айқын көрсетуде.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button