Ел тынысыСаясат

Қолдаушылар қатары көп

Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама Қазақ­стан Республикасының жаңа ­Конс­титуциясы жобасы жөнінде халықтың хабардар болу деңгейі жоғары екенін көрсетті.

«Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы туралы естідіңіз бе?» деген сауалнама сұрағына респонденттердің 87,5 пайызы құжатпен белгілі бір деңгейде таныс екенін білдірген: олардың 34,2 пайызы мазмұнын жақсы білетінін айтса, тағы 53,3 пайызы жоба туралы естігенін, бірақ егжей-тегжей таныс емес екенін жеткізген. Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың 12,5 пайызы бұл туралы ештеңе естімегенін мәлімдеген. Ал «Бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа Конституция жобасы жарияланды. Сіз осы жобаны қолдайсыз ба?» деген сауалнамаға қатысқандардың 86,5 пайызы жарияланған жобаны қолдайтынын айтқан.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button