Ел тынысыСаясат

Референдумге дайындық барысы баяндалды

Астана қаласы аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Бейсембай Жұмабеков конституциялық реформалар бойынша елордада қандай іс-шаралар өткізіліп жатқаны, жалпы референдумға дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Арнайы брифингте ол алдағы референдумға байланысты Қазақстан бойынша, соның ішінде Астана қаласында үлкен дайындық жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.
-Елордада бүгінде 517 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде 7 учаске қалалық, аудандық комиссия референдумдары үшін, сондықтан нақты сайлау учаскелерінің саны — 510. Бұл учаскелердің 395-і ашық жүйеде, 35-і жабық жүйедегі жұмыс істейтін учаскелер, яғни жабық түрі денсаулық сақтау мекемелерінде, әскери бөлімдер, тергеу изоляторында және тб сондай мекемелердегі азаматтардың дауыс беруіне арналған. Сонымен қатар 80 учаске шетелде, яғни Қазақстанның өзге елдердегі, нақтырақ айтқанда 62 елдегі елшіліктерінде ашылады.

Жалпы 510 сайлау учаскесі бойынша комиссия құрамында 4189 адам саяси науқанды өткізу жұмысын атқарады. Олардың бәрі қазіргі таңда референдумды өткізу тәртібі, ережелері бойынша оқытылуда. Заңға сәйкес бұл комиссия мүшелері сол білімін пысықтап, тест тапсырып, сосын барып жұмысқа кіріседі. Себебі референдумның барлық стандарттарға сай дұрыс өтуі осы азаматтардың білімі мен тәжірибесіне байланысты. Сондықтан талап қатты, олар қоғамның әр саласынан іріктелуде, деді комиссия төрағасы.

Мәслихатта да комиссия бар, сол комиссияда талапқа сай азаматтарды өткізіп, өздерінің шешімін шығарып, оны қалалық сайлау комиссиясына ұсынады. Сондықтан сайлау комиссиясының құрамы үлкен тексеруден өтеді.
Спикердің айтуынша, Астанада 1 млн 10 мың 549 адам дауыс беруге тіркеліп отыр. Алайда референдум өткізу талаптары бойынша қосымша 1 пайыз бюллетень қосылады. Қалада, жалпы еш жерде тіркеуде жоқ азаматтардың да дауыс беруге құқығы бар. Соларға қаладағы 6 ауданда бес-бестен уакытша шағын ХҚКО ашылып, сондай азаматтар бір күндік тіркеуге алынып, дауыс бере алады.

Олардың саны бірақ нақты белгісіз. Себебі Астана қарқынды дамып жатқан қала болғандықтан келімді-кетімді адам өте көп.

-Астана -жастар қаласы, Бүгінде елордада 19 ЖОО, 30-дан астам колледждер бар. Солардың бәрін қосқанда 18 жастан жоғары дауыс беретін азаматтардың саны 100 мыңға жетеді. Соларды қамту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Бұл дайындық 4 наурызға дейін созылады, одан әрі шақыру билеттерін елдің әрбір азаматына үй-үйді аралап жеткізу жұмыстары жүргізіледі, -деді Б. Қуанышұлы.

Комиссия мүшелері референдумға дейінгі он күнде сол жұмыстармен айналысады.
Спикер қалада қанша сайлау учаскесі бар, олар қайда орналасқаны, тізімі туралы ақпараттарды Астана қаласы әкімдігінің интернет ресурстары, «Астана ақшамы «, «Вечерняя Астана» газеттерінің сайттарынан қарап алуға болатынын жеткізді. Заң бойынша соттың шешімі бар азаматтар дауыс бере алмайды. Мүгедектігі бар адамдардың сайлауға қатысуына халықаралық ұйымдар үлкен баға береді, сондықтан қалада 29 мыңнан астам сондай азаматтардың ішінде дауыс беруге құқылы 6 мыңнан астам адам үшін барлық жағдай жасалған, арнайы кабиналары, құралдары бәрі қарастырылған. Үйде дауыс беретіндер үшін де сайлау комиссиясы мүшелері оларға бара алады.

Райхан Рахметова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button