Ел тынысыСаясат

«Жаңа Конституция: негізгі құндылықтар мен мемлекеттің даму бағыты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Білім мен ғылым – дамудың стратегиялық ресурсы: Халықаралық туризм және меймандостық университетінің сарапшылары Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Жаңа Конституция: негізгі құндылықтар мен мемлекеттің даму бағыты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға жетекші ғалымдар, профессорлық-оқытушылық құрам, мемлекеттік басқару саласының сарапшылары және университет ұжымы қатысты.

Сарапшылар жаңа Конституция жобасының негізгі мақсаты – конституцияны нығайту, тарихи сабақтастықты сақтау және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау екенін атап өтті. Сонымен қатар жаңа Ата заң еліміздің ғылыми және инновациялық дамуына серпін беретін стратегиялық бағыттарды да көздейді.

ХҚТУ-дің Халықаралық қатынастар кафедрасының доценті, PhD Әмірбек Айдарбек мұндай өзгерістер «есеп беретін Үкімет» қағидатының нақты іске асуына, мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс жасауына мүмкіндік беретінін жеткізді. Оның пікірінше, реформалар биліктің бақылау және тепе-теңдік механизмдерін басқару жүйесінде нақты іске қосуға бағытталған.

Заңгер, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің PhD докторы Нұрсұлтан Пошанов аталған өзгерістер тек құқық саласы емес, жалпы қоғамның болашағы үшін маңызды екенін айтты.

«Конституция – мемлекеттің саяси жүйесін, құқықтық тәртібін және азамат пен билік арасындағы қатынасты айқындайтын ең жоғарғы құжат. Сондықтан ұсынылып отырған түзетулерді тек формалды өзгерістер ретінде емес, ел дамуының жаңа кезеңіне сай қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жүйелі қадам ретінде қарастыру қажет», – деді заңгер.

Іс-шара барысында ұсынылып отырған реформалардың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуын арттырудағы маңызы да атап өтілді. Жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарына жүйелі бағдарлануы. Преамбуладан бастап «Әділетті Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» қағидаттары, ұлтаралық келісім және мемлекеттік құндылықтар айқын көрсетілген.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button