Ел тынысыСаясат

Конституциялық өзгерістерді іске асырудағы азаматтық қоғамның рөлі талқыланды

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында «Конституциялық өзгерістерді іске асырудағы азаматтық сектордың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылауға үкіметтік емес ұйымдардың 30-дан астам өкілі, сондай-ақ білім беру, адам құқықтарын қорғау, цифрландыру, экология және өңірлік даму салаларындағы сарапшылар қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Отырыс барысында қатысушылар конституциялық өзгерістер қоғамдық өмірдің негізгі салаларын қамтитынын атап өтіп, оларды түсіндіруде және халықты реформалар үдерісіне атсалысу бойынша азаматтық сектордың маңызды рөл атқаратынын талқылады. Жастарды қолдау, азаматтардың құқықтарын қорғау, өңірлерді дамыту, цифрландыру және елдің зияткерлік әлеуетін арттыру бағыттарында азаматтық институттардың үлесі ерекше екені сөз болды.

Сондай-ақ реформаларды іске асыруға азаматтарды кеңінен тартудың тиімді тетігі ретінде «Қазақстанның Халық кеңесі» ұйымының маңызына ерекше тоқталды.

Жиын қорытындысы бойынша азаматтық қоғамның белсенділігі конституциялық реформалардың сапасын арттырып, мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты әрі ашық диалогтың дамуына ықпал ететіні атап өтілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button