Спорт мектебінің басшысы: Әділетті Конституция – әділетті спорттың негізі

Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Қуат Тілегеновтің айтуынша, жаңа Конституция жобасындағы басты ұғымдардың бірі – әділеттілік. Бұл қағида тек сот пен саясатқа қатысты ғана емес, спорт саласына да тікелей байланысты. Өйткені спорт – қоғамдағы әділеттің айнасы, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
-Алаңда әділ төреші болмаса, жеңіс те құнсыз болады. Спорттағы әділдік принциптері тек ойын алаңында ғана емес, қоғамдағы жалпы моральдық және құқықтық тәртіпке де әсер етеді. Сондықтан Конституциядағы әділеттілік қағидасы тек қағаз бетінде қалмауы, күнделікті өмірде де жүзеге асуы қажет, – дейді ол.
Әділет – қоғамның дамуы мен тұрақтылығының басты кепілі. Сол себепті спорттағы және заңдағы әділдік қағидалары қатар дамуы тиіс.



